Туристер өздеріне қарай құлдилаған қар көшкінін видеоға түсірді

АҚШ-тың Юта штатындағы Уинта тауына қалың қарда жүріп-тұруға арналған техникамен жүрген туристер тобы қар көшкінің астында қалып қойды. Олардың біреуі осы құбылысты видеоға түсіріп үлгерген, - деп хабарлайды Daily Mail.

6 ақпанда Майлз Пенроуз екі бауыры және бірнеше досымен "қыс көлігімен" Уинта тауында жарысып жүрген. Бір кезде олар бір дүмпуді сезеді, оны жер сілкінісі деп қабылдайды. Алайда Пенроуз жоғары қараған сәтінде, ол өздеріне қарай таудан қатты жылдамдықпен құлдилап келе жатқан қар көшкінін көрген. 

"Менің бауырым артқа қарап тұрған еді, сосын мен бар дауысыммен "қар көшкіні" деп айғайлап жібердім", - дейді америкалық. Оның бір досы қолына телефон алып, осы бір құбылысты видеоға түсіре бастаған, сосын олар қар астында қалған. 

Пенроуздың айтуынша, ол басып қалған қардың жоғарғы бөлігінде қалған, сол себепті өздігінен шыққан. Ал видеоға түсірген жігітті бойынан асатындай етіп қар көміп тастаған, соған қарамастан ол телефонын қолынан түсіріп алмаған. Тағы екеуі қар көшкінен қашып үлгерген. Топ мүшелерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. 

"Сенің інің қар астында көміліп қалғанын ойлаудың өзі қорқынышты", - дейді Пенроуз інісін қар құрсауынан іздеп, оны қазып шығарғанын еске түсіріп. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Miles Penrose (@backcountrymiles)

Айта кетейік, өткен демалыс күндері осы Уинта тауында болған қар көшкіні салдарынан төрт шаңғышы қаза тапқан. Олардың денесі бір тәуліктен соң ғана табылды. Мұндай жағдай соңғы рет 2013 жылы болған, онда қар көшкіні салдарынан бірнеше адам қайтыс болған еді.