Туристер мінген кеме Халықаралық ғарыш станциясына ұшты

Crew Dragon кемесімен басқарылатын SpaceX компаниясының Falcon 9 ракетасы Флоридадағы Канаверал мүйісінде орналасқан ғарыш айлағынан ұшырылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі CBS News арнасына сілтеме жасап.

Бұл ХКС-тен ұшырылған екінші коммерциялық кеме. Ғарыш туристері станцияда 8 тәулік болып, ондағы экипаж қызметкерлерімен бірге жұмыс істейді деп жоспарланған.

Ғарыш кемесінің командирі NASA-да істеген бұрынғы астронавт Пегги Уитсон. Онымен бірге бортта автошабандоз және бизнесмен Джон Шофнер және Сауд Арабиясы асторнавттары Әли әл-Карни және арабтан шыққан алғашқы әйел ғарышкер Райана Барнауи бар.

Фото: cbsnews.com

Коммерциялық астронавттардың бірінші мисссиясы Axiom-1 былтыр ұшқан еді. Axiom-1 миссиясының әр қатысушысының ұшу құны 55 миллион доллар болды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!