Туристер мінген автобус жантүршігерлік жол апатына ұшырады: 4 адам қаза тапты

Доминикан республикасының оңтүстігінде жантүршігерлік жол апаты салдарынан 4 адам қаза тауып, 30-ы жарақат алған. Басқаруды игере алмаған жүргізуші бірден бірнеше көлікке соқтығысқан, - деп хабарлайды Elnacional порталы. 

Басылым мәліметінше, автобус аралдың оңтүстік жағалаудағы Бани қаласынан шыққан. Жол-көлік оқиғасы Лос-Какаос, Сан-Кристобаль муниципалитетіндегі Херманас Мирабаль көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобустың тежегіші істен шыққан, соның салдарынан туристер мінген автобус бірнеше көлікке соқтығысқан. 

Жол апаты салдарынан 4 адам қаза тауып, 30-дан аса адам жарақат алған. Зардап шеккендерді өңірлік клиникалық ауруханаға жеткізген. Туристердің қай елдің азаматтары екені әзірге айтылмады. 

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!