Туристер қонақүй таңдаудағы ең маңызды белгілерді атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Онлайн-сервис арқылы сауалға жауап берген туристер қонақүй таңдаудағы басты өлшемдерді атады, - деп хабарлайды OneTwoTrip зертеушілері мен Bnovo IT-шешімінің негізін қалаушылар.


Иконка комментария блок соц сети

Онлайн-сервис арқылы сауалға жауап берген туристер қонақүй таңдаудағы басты өлшемдерді атады, - деп хабарлайды OneTwoTrip зертеушілері мен Bnovo IT-шешімінің негізін қалаушылар.

Компания мамандары 1200 қолданушы арасында зерттеу жүргізіп, басты критерий (73 пайыз) - ол нөмірдің бір түндік құны екінін анықтады.

Маңызды екінші дүние - нысанның орналасқан орны, бұл критерийді сауалға жауап берушілердің 65 пайызы белгілепті. Сауал алынған әр екінші адам қонақүйдің сыртқы келбетіне мән береді екен. Қанша жұлдыз барына тоғыза-ақ пайызы ғана назар аударды. Ал үй жануарларымен көршілес болу тек екі-үш пайыз адамдарды ғана алаңдататын болып шықты.

Қонақүйге келгенде адамға ең ұнамайтыны - ластық екен. Сауалнамаға жауап берушелрдің 78 пайызы тазалыққа мән береді.

Ескі жиһаз бен ішкі жөндеу жұмысының көнергеніне 57 пайыз адам мән беріпті. Ал антирейтингте жоспарланбаған төлемдер (45 пайыз дауыс) мен қызмет көрсету түрін тықпалау (28 пайыз) нашар тамақ (20) және интернеттің жоқтығынан (17 пайыз) маңызды болып шықты.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная