Туристер екі апта бұрын қар құрсауында қалып қойған итті тауып, үйіне қайтарды

Ирландияда жорыққа шыққан туристер таулы аймақта жоғалып кеткен итті тауып, үйіне қайтарды, - деп хабарлайды The Irish Times.

Басылым мәліметінше, саяхатшы Жан-Франсуа Боннет мен Сиара Нолан Уиклоу графтығындағы Лугнакилла шыңынан лақап аты Ниша деген ретриверді тапты. Туристердің айтуынша, ит суықтан әлсіреп қалғаны соншалық, ол өздігінен қозғала да және үре де алмаған.

@jeanfrancoiswillem/tiktok.com

Боннет пен Нолан үй жануарын өздерімен алып, жылы көрпешеге орап, ондаған шақырым бойы көтеріп ветеринарға жеткізген. Сосын олар Нишаның иесін тауып, үйіне қайтарған. 


@jeanfrancoiswillem/tiktok.com

Иелері иттің қарғыбауын шешкен кезде, ол бұғының соңынан қуып кетіп, жоғалған. Ол екі апта бойы қар құрсауында өмір сүрген. "Біз оны табамыз деген үміттен айырылған едік, алайда Сиараның хабарламасын алған соң және оның алтын түсті ретриверді таптық деуі... біз қуаныштан жарылардай болдық. Олар таңғажайып іс жасады!", - дейді Нишаның иесі. 

@jeanfrancoiswillem

#dog #lostdog #rescue #mountain #pet #ireland #lost #dublin @ciaranolan05

♬ Surrender - Natalie Taylor