Туристер Австрияның тау шаңғысы курорттарына ағылып жатыр

Куәгерлер жаңажылдық мерекелер басталғалы бері және қаңтардың бастапқы онкүндігінде Австрия курорттарында аншлаг болып жатқанын айтады. 

Альпі бөктеріне шығуға елдің мыңдаған тұрғындары ұмтылған, сол себепті курорттарда автокөлік қоятын орындар лықа толған, ски-пасс (көтерілуге арналған электронды билет) жетіспеушілігі байқалады және ұзын-сонар кезекте тұрған халықты көруге болады. 

Билік қазірдің өзінде дабыл қағып отыр - адам көп болғандықтан, әлеуметтік қашықтық сақталмайды, бұл коронавирустық инфекцияның таралу қаупін арттырады. Еуропалық түрлң БАҚ мәліметінше, Австрияның ішкі істер министрі Карл Нехаммерге сілтеме жасай отырып, жақын арада демалушылар мен курорттар әкімшілігіне қатаң айыппұлдар енгізу мәселесі қарастырып жатыр екен.

Австриялық курорттар әзірге тек жергілікті тұрғындарға қолжетімді, шетелден қонақтар жіберілмейді. Көтергіштер жұмыс істейді, бірақ қонақүйлер, мейрамханалар, кафелер, клубтар және басқа инфрақұрылым нысандары жабық. Адамдар, әдетте, жеке көлікпен келіп, күн бата кетіп жатыр екен. 10 қаңтарда автомобильдердің үлкен ағымына байланысты жол полициясы таңертеңгі 9+да Штирия курортына кіре берісте қозғалысты шектеуге мәжбүр болды, бұқаралық ақпарат құралдарында Вена маңында орналасқан және оның тұрғындары арасында танымал Земмеринг-курортта туристердің саны туралы көптеген бейнероликтер жарияланды.

Австриядағы TEZ TOUR бас өкілі Сергей Хомяковтың айтуынша, елде COVID-19 пандемиясына байланысты үшінші локдаун енгізілген. Үйден тек төрт жағдайда шығуға рұқсат етілген - жұмысқа, бірінші кезекте қажетті тауарларды сатып алуға, туыстарына шұғыл көмек көрсетуге және таза ауада жеке спортпен шұғылдануға. Тау шаңғысы курорттарына бару белсенді ойын-сауықтың жалғыз қолжетімді түрі болып қала береді. Сол себепті де осындай шу шығып отырған сыңайлы.