Туристер арасында тағы бір танымал ел ашылады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) рұқсат еткен вакцинаны салдырған саяхатшыларға жаңа бағыт ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Profi.Travel сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Үнді мұхитындағы Маврикий курорт аралы 15 шілдеден бастап  туристерді қайтадан қабылдай бастайды. Бірінші кезеңде ел Pfizer-Biontech, Moderna, AstraZeneca, Jansen (Johnson & Johnson), Sinovac немесе SINOPHARM (ДДҰ рұқсат еткен) вакциналарын салдырған туристерге ашық болады.

Уақыт өте келе Маврикий билігі Сейшел аралдары мен Мальдив аралдары сияқты рұқсат еткен вакциналар тізімін кеңейтуі мүмкін.

Қазір балаларға вакцина салдыру қажет емес, бірақ олар ПТР-мен тексерілуі керек. Саяхатшылар ел билігі шетелдіктерді орналастыру үшін мақұлданған қонақүйге алдын-ала тапсырыс беруі керек. Келісілген қонақүйлердің тізімі 20 маусымнан кейін жарияланады.

Маврикийге кіретін саяхатшылар бірінші кезеңде негізінен қонақүйде болады. Мұнда туристер жағажайларды, бассейндерді, спорт залдарын және гольф алаңдарын пайдалана алады. Алайда бірінші кезеңде Спа жабық болады.

@Shutterstock

Шетелдіктер елге келген кезде ПТР-тестін тапсырып, нәтижесін бөлмесінде күтуге міндетті. Әдетте тест нәтижелері 6-12 сағатта дайын болады. Бесінші күннен жетінші күнге дейін туристер тағы бір ПТР-тестінен өтуі керек.

Саяхатшылар аралда тек 14 күн қонақүйде тұрып, коронавирусты тексерудің үшінші теріс нәтижесін алғаннан кейін ғана еркін жүре алады. Сонымен қатар, барлық шетелдік азаматтарда сапар кезінде COVID-19 емін қамтуға жарамды туристік сақтандыру болуы керек.

2021 жылдың қазан айында Маврикий екпе салдырған туристерге 14 күндік кезеңнің аяқталуын күтпестен аралға саяхаттауға мүмкіндік береді деп болжанады. Аралға вакцина салдырмаған туристер де келе алады, бірақ олар тек қонақүй аумағында демала алады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.