Туристер әлемдегі ең мейірімді моржды видеоға түсірді

Туристердің қайығына отыруға тырысқан морж видеоға түсірілді және әлемдегі ең мейірімді жануар ретінде желі кейіпкеріне айналды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Бұл оқиға Силли аралдарында - Ұлыбритания жағалауларының жанындағы шағын архипелагта болды. Туристер қайықпен серуендеп жүргенде күтпеген жерден оларға ерекше қонақ - морж келген. Жануар адамдарға қызығушылық танытып, кемеге көтерілуге тырысады.

Реклама
Реклама

Арал тұрғыны әлеуметтік желілерде видеомен бөлісіп, морж басқа біреудің қайығына көтерілуге тырысқанын айтты.

"Ана яхтаға отыруға тырысқаннан кейін морж бізге қарай бет алды, бізден 10 фут жерде тоқтады (3 метр - еск.)", - дейді әйел.

Видеоны көрген оқырмандар жануардың әрекетіне таңғалып, видео авторларын да уайымдап: "Уау!", "Қандай керемет тәжірибе!", "Егер ол шынымен жоғалса ше!", "Қалай қорқынышты! Сіз балаларды құтқара алдыңыз деп үміттенемін" деген пікірлер жазды.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!