Турист ұшақта жолжүкті алып жүру ережесінен "құтылудың" айласымен бөлісті

Кейбір әуекомпания ұшақ бортына қосымша зат алып күру үшін қомақты төлем талап етеді. Америкалық турист TikTok желісінде осындай ақыдан құтылудың "әдісін" көрсетті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода турист жеке заттарын ұшаққа арналған жастықтың қалай салатынын, содан кейін оны бекітіп, өзімен бірге алып, ұшаққа қалай өтетінін көрсетті.

"Саяхаттауға арналған тамаша өмір – жастық тегін ұшады", - деді турист оқырмандарына.

Туристің тапқырлығы көпшілікке ұнады. Пост 435 мыңнан астам рет қаралды және жүздеген пікір жинады.

"Неліктен мен мұны жазда білмедім, көбірек көйлек алар едім","мен жүкті осылай алып жүруге тырысамын", - деп жазады олар.

@nolimitua

#travelhack #travelhacks #pillowtransformation #lifehack #travellight #noonesgonnaknow #traveltips #travellife #traveltip

♬ how would they know bad girls club - Chris Gleason

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!