Турист Шотландиядан Грекияға алып лайнермен бір өзі ұшып барған

Шетелдік турист грекиялық курортқа бару кезінде алып әуе кемесімен бір өзі ұшып барған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Ұлыбританиялық Jet2 лоукостерінің рейсі Шотландия астанасы Эдинбургтен Грекия қаласына ұшқан. Edinburgh Live басылымының мәліметінше, ер адам небары 65 еуро (31 311 теңге) төлеп, жеке ұшағымен ұшқандай әсер алған. Бортта өзінен басқа тағы екі адам және экипаж мүшелері ғана болған.

"Мен отырғызу алаңына ерте келдім, ешкімнің болмағанына таңғалдым. Ескерту қоңырауы шалынған кезде, мен тіркеу орнына бардым. Сол кезде әуе саласының маманы маған жақындап, ұшақта небары үш жолаушы болатынын айтқан. Бұл әзіл шығар деп ойладым", - дейді саяхатшы.

Турист өзінің жиі ұшатынын айтады, алайда мұндай жағдай бірінші рет болған. Әлемде мұндай жағдай бірінші рет емес, осыған дейін Air New Zealand әуекомпаниясының билетін алған ерлі-зайыпты ұшақта өздері ғана жолаушы болған. Кейінірек экипаж мүшелері базаға қайтатын болып, олар отбасыны алып кетуді жөн көрген.

Тағы бір жағдай әлем жаңалықтарына шыққан еді. Ұлыбританиядан АҚШ-қа 8 сағаттық рейсте ер адам жалғыз өзі бортта жолаушы болған. Турист бірнеше рет тегін тамақ ішіп, бос орындықтардан төсек жасап алған.

Сондай-ақ, арабтың Emirates әуекомпаниясы Мумбайдан Дубайға ұшу кезінде тек бір жолаушыны тасымалдаған. Саяхатшы қарапайым рейске билет алып, 350 орынға арналған Boeing 777 ұшағының жалғыз жолаушысы болды.