Турист ішкі рейстегі ұшаққа отырып, басқа елден бір-ақ шыққан

© pixabay.com

Турист әйел Мексиканың бір қаласынан екінші қаласына ұшамын деп, Volaris әуекомпаниясының мамандарының қателігінен діттеген жерінен 4,5 мың шақырым алыстап кеткен, - деп хабарлайды The Sun.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Турист әйел Мексиканың бір қаласынан екінші қаласына ұшамын деп, Volaris әуекомпаниясының мамандарының қателігінен діттеген жерінен 4,5 мың шақырым алыстап кеткен, - деп хабарлайды The Sun.

Мари-Хосе Гамбоа есімді қыз Тустла-Гутьеррес қаласында тұратын отбасына Гвадалахардан бара жатқан. Отырғызу талоынын тексеру кезінде тасымалдаушы компанияның қызметкерлері қызға басқа бағытқа кезекте тұрғанын айтып, келесі тізбекке жіберген. Сөйтіп қыз ұшаққа көтерілгенде, оның орны бос болмай шыққан. Бұл жағдай қызды таңғалдырған, алайда экипаж мүшелері анық-қанығына жетпестен, басқа бос орынға отырғыза салған.

Реклама
Реклама

Үш сағат ұшудан кейін бортсеріктер жолаушылардан кедендік декларацияны ағылшын тілінде толтыруды сұраған. Қыз бала сасып қалып, не істерін білмеген. Жанында отырған ер адам не жағдай болғанын түсініп, әуекомпания қателескенін қызға айтқан. Осы кезде ғана Гамбоа Мексикаға емес, АҚШ-тың солтүстік-батысындағы Сиетл қаласына ұшып бара жатқанын білген.

Сосын саяхатшы бұл жағдайды бортсеріктерге айтқан. Экипаж мүшелері қыздың туыстарына хабарласып, мән-жайды түсіндірген. Әуекомпания қыздың қайтар билетін алып беріп, Мексикаға қайтарған.

@marijosegam VOLARIS se equivoca y me mandó al extranjero sin VISA ni PASAPORTE #volarismexico #volarisguadalajara #erroralabordar #vueloequivocado #sinvisa #sinvisanipasaporte #pasedeabordar #agarrovuelo #volarisvalemadre ♬ sonido original - marijosegam

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная