Турист орманда жалғыз өзі бес күн бойы адасып, бір заттың арқасында аман қалған

Турист әйел Аустралия орманында жалғыз қалып, бес күн бойы көлігінен кездейсоқ тауып алған бір заттың арқасында аман қалған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Washington Post басылымына сілтеме жасап.

48 жастағы Лилиан Ип Аустралияның Виктория штатының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Брайт қаласына барған, ол сәуірдің аяғында Викториялық Альпі бөктерінде бір күн демалуды жоспарлаған. Алайда ол байланысқа шықпай қалып, туған-туыстарын әбден алаңдатқан. Жақындары дереу полицияға хабарлаған. Бес күн өткенде ұшақтағы құтқарушылар әйелдің көлігін топырақты жолдан байқаған. Әйел құтқарушыларды байқап, қол сермеген.

Құтқарылған Иптың айтуынша, ол адасып кеткен және көлігін өзі келген жолға қайта бұрмақ болғанда батпақта тұрып қалған. Бұл аймақта байланыс болмаған, сол себепті ол көмек күтуді жөн көрген. Әйел өзімен аздаған тағам алған, алайда су алмай шыққан екен. Сосын ол көлігінде анасына сыйлық ретінде алған шарап барын есіне түсірген. Әйелдің айтуынша, өмірде ішімдік ішпейді, бірақ бұл жолы дәл сол алкогольдің арқасында аман қалған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!