Турист әйел селфи түсіремін деп мұхит суында жоғалып кетті

© pixabay.com/tianya1223

63 жастағы турист әйел жолдасымен пирста селфи түсіремін деп Атлант мұхитының суына құлап кетіп, із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Diário de Notícias басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

63 жастағы турист әйел жолдасымен пирста селфи түсіремін деп Атлант мұхитының суына құлап кетіп, із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Diário de Notícias басылымына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, отбасылық жұп суретке түсіп жатқанда оларды толқын алып кеткен. Ер адам өздігінен судан шыққан, ал әйелді ашық теңізге алып кеткен. Іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, Португалияның Понта-Делгада қаласында қайғылы жағдайлар жиі болады екен. Адамдар әдемі көрініс үшін пирсқа шығады, сөйтіп өз өміріне қауіп төндіреді.

Реклама
Реклама

"Мұндай тәуекелге баратындардың алдын алу қиын. Біз көбірек насихат жұмыстарын жүргіземіз, алайда Мадейра аралының жағалауындағы бүт жағажайды жаба алмаймыз", - дейді олар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная