Турист әйел жолдасының көз алдында жардан құлап өлді

Ұлыбританиялық турист әйел күйеуімен Италияның солтүстігіндегі Доломит Альпісінде серуендеп жүріп, 30 метр биіктіктен құлап кетті, - деп хабарлдайды Mirror.

Аты аталмаған 56 жастағы әйел жолдасымен бірге Сантнер Виа Феррате (темір жол) асуынан өтіп бара жатқан. Ол тепе-теңдікті жоғалтып 100 фут (30 метр) биіктіктен құлаған. 

Әйелдің денесін құтқарушылар ұшағымен жеткізуге тура келген. 

Бұл осы аймақта болған бірінші жағдай емес, бір апта бұрын 55 жастағы турист Виа Феррата асуынан 40 метр биіктіктен құлап қайтыс болған. 

Виа Феррата - бұл арқандармен тартылған, текпешектер арқылы таулы аймақты кесіп өтетін соқпақ жол. 

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!