Турист әйел әдемі видео үшін жартастан секіремін деп ауруханадан бірақ шықты

Видеодан кадр

Италияда демалып жүрген аустралиялық турист әйел теңізге жартастан секіремін дегенде аяғы тайып, тасқа құлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Италияда демалып жүрген аустралиялық турист әйел теңізге жартастан секіремін дегенде аяғы тайып, тасқа құлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Daily Mail жариялаған материалда оқиғаның видеосы да бар. Жағдай Италияның Фьордо-ди-Фуроре жағажайында болған.

Реклама
Реклама

Әйел адам теңзге секіремін деп тұрғанда аяғы тайып кетіпті, қасындағы ер адам оны ұстап қалуға үлгермей, әйел төмендегі тастарға соғылған. Суға құлардан бұрын ол аяғын тасқа ұрыпты. Әйел адамды жедел жәрдем ауруханаға алып кеткен, оның қазіргі жағдайы туралы айтылмай отыр.

Оқиғаны видеоға түсіріп алған аустралиялық турист Кэл Гланзиг мұндай қауіпті әрекет кезінде сақтандыру құралдары болу керегін атап өтті:

Видео сипаттамасында былай делінген екен: Турситтік компаниялар есуастардан қосымша сақтандыруды да ұсынға ғой".

Ал видео желі қолданушыларын шошытып, бір жағы таңдандырды. "Судың таяз екенін көре тұра неге секірді?" деп жазыпты желіні қолданушылардың бірі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная