Фото: Тourprom.ru

Турист әуежайдың терезесіне дәрет сындырып, жолаушылардың ашуына келтірді


Турист әуежайда таңғаларлық жағдайды видеоға түсірді және оны Instagram желісіндегі Passenger Shaming парақшасында жариялады. Алайда біршама уақыттан соң аккаунт иелеріп видеоны өшіріп тастаған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром басылымына сілтеме жасап.

Ер адам ұшаққа жолаушылар отырып жатқан кезде ұшу-қону жолағына қарай қарап, әуежайдың терезесіне кіші дәрет сындырған. Видео авторы басында ер адам ұшаққа отыруға бара жатқан шығар деп ойлайды. Терезеге жабысып қарап тұрған шығар деп болжайды. Алайда ер адам орнынан қозғалмай ұзақ тұрады және оны мас күйінде болғаны белгілі болады.

Видео авторы ер адамның әрекетіне таңғалған жолаушыларды және өзін де камераға түсіреді. 

Оқиғаның қайда болғаны және ер адамның кім екені белгісіз. Алайда қазірдің өзінде видеоны 200 мыңнан аса адам қарады. 

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!




Пікір жазыңыз

Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды