Турист әуежайда 300 миллион теңге джекпот ұтып алды

Лас-Вегас әуежайында турист әйел ойын аппаратынан шамамен 643 мың доллар ұтып алған. Оның оқиғасын People басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Техас штатынан келген Бриттани есімді саяхатшы Гарри Рид халықаралық әуежайының терминалында тұрған "Колесо фортуны" автоматында бағын сынап көрген. Ол 643 435 доллар (308 миллион теңге) ұтып алған

Басылым мәліметінше, Лас-Вегас әуежайында Бриттани джекпот ұтып алған жалғыз саяхатшы емес екен. 2023 жылы маусымда тағы бір турист дәл сол автоматта 1,3 миллион доллар (624 миллион теңге) ұтқан.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!