Турист атақты көлге түскеннен кейін таз болып қалды

Аустралияның әйгілі Маккензи көлінде шомылғаннан кейін шашым түйір-түйір болып түсе бастады. Бойжеткеннің денсаулығы туралы мұндай хабарламасы туристік қауымдастықты дүр сілкіндірді. Алайда мамандар бұл оқиға мен көлдегі судың байланысына күмән келтірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Аустралияның әйгілі Маккензи көлінде шомылғаннан кейін шашым түйір-түйір болып түсе бастады. Бойжеткеннің денсаулығы туралы мұндай хабарламасы туристік қауымдастықты дүр сілкіндірді. Алайда мамандар бұл оқиға мен көлдегі судың байланысына күмән келтірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Daily Mail не болғанын және осы туристік орынға барғанда алаңдауға негіз бар-жоғын анықтады. Шотландиядан келген саяхатшы Квинсленд штаты Фрейзер аралындағы Маккензи көлінде суға түскеннен кейінгі жағымсыз тәжірибесін бөлісті. Айтуынша, ол суда жүзгеннен кейін басынан түйір шаштар түсіп жатқанын байқай бастаған.

Бұған көл кінәлі, деп сендірді турист.

Реклама
Реклама

"Фрейзер аралына баратын болсаңыз, абай болыңыз", - деді ол әлеуметтік желіде.

Алайда су шаруашылығы және экология инженерия профессоры Атаур Рахман қызға қарсылық білдіріп, көл мұндай реакция тудырмайтынына бірнеше дәлел келтірді.

"Көлдің қалалық жерлермен немесе ауылшаруашылық жерлермен байланысы жоқ. Шаштың түсуіне әкелетін пестицидтер, гербицидтер немесе басқа ластаушы заттар жоқ. Көлдің минералдық құрамы төмен. Бұл сіздің теріңізге және денсаулығыңызға пайдалы екенін білдіреді", - деді профессор.

Турист жұмбақ жағдайға қарамастан, шашын қалпына келтіру үшін маска қолданып, баяу қалпына келе жатқанын хабарлады. Ол басқа саяхатшыларды қырағы болуға шақырды және Маккензи көлінде шомылғаннан кейін мүмкін болатын жағымсыз салдарларды ескертті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная