Турагенттіктің бас директоры ұшақтың салонында темекі шекті

Телеграмда және басқа әлеуметтік желілерде Мәскеудегі туристік агенттіктің жетекшісі лайнер креслосында темекі шеккені түсірілген видео таралды. Оқиға Бодрум - Мәскеу бағытындағы ұшақтың бизнес-класс салонында болған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Азаматтар ережені бұзған жолаушыны бірден таныды. Ол Мәскеудегі туристік агенттік басшысы Ирина Таммируусу болды. 

Басылымның мәліметінше, бортсеріктер заңбұзушылық туралы келген әуежайға хабарлаған. Ұшақ қонғаннан кейін тәртіп сақшылары әйелді күтіп алды. Олар ұсақ бұзақылық туралы хаттама жасап, оны босатты.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!