Трансформатор креслолар және 3D принтер тағамы: 50 жылдан кейін саяхат қандай болады

3D принтерде басып шығарылған таңғы ас қонақүйлердегі швед үстелін ауыстырады. Ал ұшаққа отырар алдында бақылауды паспортсыз - жүрек соғуын тексерумен өтуге болады. Футурологтардың зерттеуіне сүйенсек, 50 жылдан кейін саяхаттар осындай болуы мүмкін. "Кешкі Мәскеу" басылмы бұл ерекше болжамның енді фантастикалық емес екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі travel.rambler сайтына сілтеме жасап.

Құжаттың орнына жүрек

Футурологтардың есебіне сәйкес, 2070 жылы бізде микрочиптері бар биометриялық төлқұжаттар болады, оларда жүрек соғуы туралы ақпарат шифрланады... Біздің жүрек соғуымыз саусақ іздері мен торлы қабық сияқты ерекше, екінші адамда қайталанбайды. Оларды қашықтан анықтауға болады, сондықтан қағаз құжаттарына қажеттілік жоғалады.

"Жолаушылардың жүрек соғысы туралы деректер бүгінде саусақ ізін сканерлеу технологиясы жұмыс істеп тұрғандай жаһандық жүйеде тіркеледі", - делінген футурологтардың есебінде.

Ұшақтар ыңғайлы болады

Кез келген туристің арманы - ұшақтың эконом-класындағы ыңғайлы орындықтар. Ал 50 жылдан кейін олар пайда болады. Инновациялық материалдардан жасалған орындықтар жолаушының бойын, салмағын, тіпті дене температурасын ескере отырып оңай өзгереді.

"Мүмкін, 50 жыл ішінде біздің авиаөндіріс осындайды ұсына алады", - дейді мамандар.

Багажды үйде қалдырамын

Ғалымдардың пайымдауынша, жарты ғасырдан кейін адамдарға сапарға тек төлқұжат қана емес, сонымен қатар багажды да алудың қажеті жоқ: олар 3D арқылы басып шығарылған киімдерді қонақүйден таңдай алады. Ал кеткен кезде заттарды қайта өңдеуге тапсырады.

3D принтерде шығарылған тағам

Сондай-ақ, футурологтардың пікірінше, қонақүй мейрамханаларындағы швед үстелдері жарты ғасырдан кейін туристерге қалауына сәйкес, 3D принтерде басып шығару арқылы дайындалған дәмді және пайдалы тағам ұсынады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!