Төрт метрлік питон зейнеткерді екі сағат бойы орап ұстаған

Midjourney

Таиландта төрт метрлік питон зейнеткердің үйіне кіріп, оның жанын ала жаздады. Жылан үй иесін орап алып, оны буындырып өлтірмек болған. Қарт әйел бірнеше сағаттан кейін ғана құтқарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таиландта төрт метрлік питон зейнеткердің үйіне кіріп, оның жанын ала жаздады. Жылан үй иесін орап алып, оны буындырып өлтірмек болған. Қарт әйел бірнеше сағаттан кейін ғана құтқарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Independent порталы мәліметінше, 64 жастағы Аром Арунродж кешке ас үйде ыдыс-аяқ жуып жатқан кезде оның аяғын бірдеңе тістеп алғанын сезген. Төменге қарағанда, ол шабуылға дайындлып тұрған питонды көреді.

Санаулы минуттарда жылан зейнеткерді орап, сыға бастаған.

Реклама
Реклама

"Мен көршілерді және жақын маңдағы адамдарды шақыруға тырыстым, бірақ мені ешкім естімеді. Мен тірі қалмаймын және жыланның олжасы боламын деп ойладым. Мен өз өмірімде мұндай нәрсені ешқашан бастан өткерген емеспін", – деді Аром Арунродж.

Зейнеткердің питонмен арпалысы екі сағатқа созылған, осы уақыт бойы ол айғайлап, көмекке шақырған. Қарт әйелдің құтылу үміті сейілген кезде, оның үйінің жанынан өтіп бара жатқан көршісі көмек сұраған әлсіз дауысты естіп, полиция шақырған.

Оқиға орнына келіп, не болып жатқанын көрген тәртіп сақшылары құтқарушыларды көмекке шақырған. Аромды питоннан босату үшін ер адамдарға шамамен 30 минут қажет болған, кейінірек олар питонның салмағы 20 келі болғанын хабарлады.

Әйел шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама