Төрт қазақстандық болды: Таиландтағы апатқа қатысты тың дерек шықты

Таиландта қазақстандық туристер мінген катердің апатқа ұшырауына капитан кінәлі екені мәлім болды. Тергеу кезінде жасалған медициналық сараптамадан жүргізушінің қанынан синтетикалық есірткі анықталған, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Таиландта осыдан бір апта бұрын 33 турист пен 4 экипаж мүшесі мінген моторлы қайық апатқа ұшыраған. Катер Пхукет аралдарына жақындай бергенде бетон бағанаға соғылып, төрт отандасымыз зардап шегіп, екеуі ауруханаға жатқызылған.

Апатқа ең басты күдікті - катерді жүргізген Сатит Масчай. Тергеуде сараптама жасалып, оның қанынан есірткі анықталды. Таиландтың құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша, "метамфетамин" деп аталатын есірткіні оның қай уақытта қабылдағаны әзірге белгісіз. Бірақ қандай жағдайда да капитан жазадан құтылмайды. Өйткені тыйым салынған затты тұтынды деген айыппен қоса, жұмыстағы салғырттығы үшін де жауапқа тартылады - үш жылға дейін бас бостандығынан айырылып, біздің ақшаға шаққанда 800 мың теңгеге жуық айыппұл арқалауы мүмкін.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!