Тереңдігі 60 метр. Дубайда ерекше бассейн ашылды

Дубайда (БАӘ) дайвинг үшін әлемдегі ең терең бассейн ашылды. Deep Dive Dubai деп аталатын кешеннің тереңдігі 60,02 метр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Deep Dive Dubai зор әсер алғысы келетіндерге мүмкіндіктердің жаңа өлшеміне енуге мүмкіндік береді. Мұнда әрбір адам өзі үшін суасты әлемін ашады, онда шытырман оқиғалар мен таңғажайыптарды көре алады", - дейді мекеме иесі. 

The National News басылымы дайверлердің "суға кеткен қаланы", "табиғатты", көлік тұрақтары мен басқа да қызықтарды зерттей алатынын жазады. 

Бассейнге 14 миллион литр су құйылған және ол Гиннесстер рекорды Кітабына енді. 

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.