Теңізде балаларын құтқаруға асыққан ер адам қатты толқын салдарынан қайтыс болды. Бұл туралы New York Post жазды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz.
42 жастағы Пит Розенгрен әйелі және үш ұлымен Мексика шығанағының жағасында демалған. Олар Флоридада бір апта болып, серфинг жасап, үйлену тойының 18 жылдығын атап өтуді жоспарлаған.
Бір күні балалар судағы қауіп туралы ескертетін қызыл жалауларға қарамастан, рұқсатсыз шомылған. Көп ұзамай теңіздің толқыны күшейіп, әкесі оларды құтқаруға асықты.
Оқиға орнына құтқарушылар келіп, барлығын жағаға шығарды. Олар ер адамды ауруханаға жеткізді, алайда ол қайтыс болды.
Басылымның мәліметінше, Розенгрен Daily Herald Media Group компаниясының сату және сандық стратегия жөніндегі вице-президенті болған.