"Теңдессіз сұлулық". АҚШ-тағы Каша-Катуве жұмбақ жартастары

Нью-Мексико штатында ерекше құрылымды, күркелерге ұқсайтын жартастар бар, ол - Каша Катуве. Ол туралы жақында ғана белгілі болды, туристерге әлі де толық таныс емес. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге бұл жердің саяхатшыларды несімен қызықтыратыны жайында баяндайды.

Каша Катуве - Хемез тауларының етегіндегі тау құрылымдарының бірегей тобы Кочити қаласына жақын Нью-Мексико штатындағы (АҚШ) ұлттық ескерткіш. Каша-Катуве жартастары көбінесе "күрке жартастар" деп аталады, өйткені олардың сыртқы түрі туристік шатырға немесе үндіс вигвамына өте ұқсас. Сондай-ақ, олар бейне-бір алып дәу жерге шашып тастаған көп кәмпиттер сияқты болып көрінеді.

Бұл ерекше тау жыныстары жанартау әрекетінің нәтижесінде пайда болған. Археологтардың есептеулеріне сәйкес, мұндағы ең алғашқы жанартау атқылаулары 7-6,5 миллион жыл бұрын, бұл ерекше тау жыныстары лавадан, тастар мен газдың, күлдің және тастардың пирокластикалық ағындарынан пайда болған. Уақыт өте келе эрозия оларға осындай ерекше пішін берген.

Каша-Катуве жыныстары туфтан (жеңіл кеуекті жыныс), пемзадан (кеуекті вулкандық шыны) және күлден тұрады. Сонымен қатар, олардың көпшілігі мұқият тексеру кезінде жанартау шынысын көрсетеді. Вулкандық зат қызғылт және ақшыл түстің қатысуымен сұр түсті болатын жеткілікті біркелкі қабаттардан тұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от New Mexico Nomad (@newmexiconomad)

Қызық дерек. Каша-Катуве атауы пуэбло үндіс тайпасының тілінен шыққан және "ақ тастар" дегенді білдіреді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Samantha? (@sammiehasfun)

Бұл жыныстар орналасқан аумақ теңіз деңгейінен 1730-1950 метр биіктікте орналасқан. Сонымен қатар, табиғи құрылымдардың өлшемдері биіктігі бірнеше метрден 30 метрге дейін жетеді, пішіні бойынша айтарлықтай ерекше.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Pat Dean (@imthedean15)

XV ғасырда қазіргі үндістердің ата-бабалары пуэбло осында өз баспаналарын салып, көптеген петроглифтер мен қирандылар қалдырған, осы қирандылардан олардың өмір салтын ішінара зерттеуге болады. Ал испандық экспедиция мұнда 1598 жылы келгенімен, алғашқы заманауи қоныстанушылар мұнда тек 1700 жылдары ғана пайда болды. Бұл жерлер қазірдің өзінде фотосуреттерімен таңғалдырады, бірақ оларды тірі көргендер бұл есте қалатын және теңдесі жоқ көрініс екенін айтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Hiker Chicks Rock ⚡︎ (@hikerchicksrock)

Қызық дерек

Жергілікті аңыз бойынша, бір кездері АҚШ атты әскерінен қашқан апачей тайпасы болған. Үндістер қуғын-сүргінге ұшырап, қашып келе жатып, жардың шетінде қарусыз қалады. Ер адамдар берілудің орнына қол ұстасып, жардан секіріп кетеді. Бұл туралы естіген апачей тайпасының әйелдері көз жастарын көл қылып, көз жасы обсидиан тастарына айналыпты-мыс.

Айта кетейік, ұлттық ескерткіштің аумағы тек серуендеуге арналған. Сонымен бірге 2009 жылдан бері саяхатшыларды қарғыбауынан босап кеткен ит қауып алғаннан кейін итпен кіруге тыйым салынған. Сондай-ақ, ережелер бойынша көлік жүргізуге және от жағуға қатаң тыйым салынады. Мүмкін, мұндай сақтық шаралары біреуге тым қатаң болып көрінуі мүмкін, бірақ ескерткіштің табиғи сұлулығы оған тұрарлық.

Сізге ешкім де, ешнәрсе де бұл жердің сұлулығынан ләззат алуға кедергі болмайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bianca Scalise (@bianca.scalise.yoga)

Жартастардан басқа, мұнда таңғажайып фауна мен флораны тамашалауға болады. Жергілікті ормандарда сары қарағай мен арша өседі, шөл қырмызыгүлі мен қоян бұтасын көруге болады, бұталар жасыл жапырақтар мен алуан түрлі гүлдермен көмкерілген. Аспанда қарлығаш пен құрыштан бастап қаршыға мен бүркітке дейін әртүрлі құстар қалықтап жүрсе, орманда бұғы, бұлан, алатышқан және суырлар кездеседі.

Жыл сайын Кочити қаласының жанындағы Нью-Мексико штатындағы Санта-Фе қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерде орналасқан Каша-Катуве жартастарына көптеген туристер келеді. Ескерткіш 2001 жылы президент Билл Клинтон отставкаға кетер алдында АҚШ-тың Ұлттық ескерткіші деп белгіленді. Сіз жартастарға тек ақылы түрде жете аласыз, өйткені ескерткіш пуэбло қауымдастығының басқаруына берілді. Ұлттық қазынаны сақтау мақсатында АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау комитеті ескерткішке бару туралы арнайы нұсқаулық әзірледі.

Территорияға кіру бес доллар тұрады (шамамен 2200 теңге), топтық сапарларға жеңілдіктер қарастырылған. Аттракционға жаз айларында күндіз ғана баруға рұқсат етіледі, басқа уақытта жаңбыр немесе қатты жел шатқалдармен жүруге мүмкіндік бермейді әрі экскурсия да қауіпті болуы мүмкін.

© Shutterstock

Туристер үшін ұзындығы 1,9 шақырым болатын арнайы соқпақ салынды, бұл ең төменгі нүктеден де, ең биіктен де айналаның  сұлулығын толықтай бағалауға мүмкіндік береді. Дәл осы жерден ерекше пейзаждар ашылады, әсіресе тауға шығу қиын емес. Мұндай құзға өрмелеу тіпті балалармен саяхаттау үшін де өте қолайлы, өйткені онда көтерілу мен түсу оңай, ал жиектері тік емес.

"Білем, мен осылай басқа жерлерді де айтамын, бірақ, бұл жердің сұлулығы ерекше! Егер Нью-Мексико саябақтарының ішінен таңдау керек болса, мен осы жерді таңдаймын. Жартастардың керемет көрінісі мен көлеңкелі жолдар адам жанына ерекше тыныштық күйін сыйлайды", - дейді саяхатшылардың бірі.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.