Тель-Авивте теракт салдарынан еуропалық туристер зардап шекті

Израильдің үлкен қалаларының бірі Тель-Авивте теракт салдарынан Ұлыбританиядан келген үш турист зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Telegraph газетіне сілтеме жасап.

"Тель-Авивте автокөліктің адамдарды қағу салдарынан зардап шеккен жеті адамның үшеуі ұлыбританиялық турист екені белгілі болды", - делінген басылым хабарламасында.

Осыған дейін израильдік Jerusalem Post газеті лаңкестік салдарынан зардап шеккендер арасында ұлыбританиялықтар барын жазған еді.

Осы жұмада кешкі уақытта Тель-Авив қаласының Яффо маңындағы жағалауда автокөлік бірнеше адамды қасақана қаққан. Жүргізушіні полицейлер атып тастаған. Израиль СІМ өкілдері бұл оқиғаны теракт деп атады. Осы оқиға салдарынан 30 жастағы ер адам қайтыс болды, ол Италиядан келген турист екен. Зардап шеккендердің барлығы шетелдік туристер. Израиль үкіметінің басшысы Биньямин Нетаньяху лаңкестіктен кейін полиция және әскерді мобилизациялау туралы тапсырма берді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!