Тайваньда романтикалық рейстер іске қосылады

© Shutterstock

Тайвандық EVA Air әуекомпаниясы үйленбеген туристерге арнайы рейстер ашады. "Ешқайда" ұшпайтын әуе рейсі бойдақтарға екінші жартысын табуға мүмкіндік береді. Акция Жаңа жыл мерекелеріне жақын күндері өткізіледі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тайвандық EVA Air әуекомпаниясы үйленбеген туристерге арнайы рейстер ашады. "Ешқайда" ұшпайтын әуе рейсі бойдақтарға екінші жартысын табуға мүмкіндік береді. Акция Жаңа жыл мерекелеріне жақын күндері өткізіледі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Романтикалық науқан аясында Жаңа жылға, Рождествоға және 2021 жылдың 1 қаңтарына "ешқайда" ұшпайтын үш әуе рейстері жоспарланған. Әр рейсте 40 жолаушы болады деп күтіледі. Сонымен қатар, орындар саны бірдей бөлінеді: 28-ден 38 жасқа дейінгі 20 ер адам және 24-тен 35 жасқа дейінгі 20 әйел адамға арналған.

Реклама
Реклама

Әуекомпания жоспарлағандай, әуе кемесі Тайбэй Таоюань халықаралық әуежайынан көтеріліп, Тайваньның әуе кеңістігінде айналып, әуежайға үш сағатта оралады. Келгеннен кейін жолаушылар жолсеріктерімен екі сағаттық кездесуге барады.

Ұшу бағдарламасы мерекеге байланысты әр түрлі болмақ, Рождествода ұшып келген соң, түскі астан кейінгі шай ұйымдастырылады. Жаңа жылдық бағдарлама шамдармен безендірілген романтикалық кешкі астан басталады. Осыдан кейін 2021 жыл басталғанға дейін кері санақ жасалады. Ал жаңа жылдағы алғашқы рейс таңғы астан басталады.

Мұндай турдың құны - 295 доллар (126 254 теңге), оған мишлендік шеф-аспаз Мотоке Накамураның түскі асы кіреді. Сондай-ақ ұшу кезінде саяхатшылар орындарын ауыстырып, басқа жолаушылармен еркін сөйлесе алады. Ішіп-жеуді қоспағанда, қалған уақытта маска кию міндеттеледі.

"Саяхаттап қана қоймай, бұл рейсте біз жалғызбасты, үйленбеген жандарға романтикалық кинодағыдай серігімен кездесуге мүмкіндік береміз", - деп түсіндірді жылдам танысуды ұйымдастырушылардың бірі Чан Цунг-Вэй.

Бірінші рейске арналған 40 орын сатылып үлгеріпті, 400-ден астам адам өтініш білдірген.

Еске салайық, тайвандық "ешқайда" сапар шекпейтін элиталық рейстер коронавирустық пандемия кезінде танымал бола бастаған. Жергілікті әуекомпаниялары Таоюань халықаралық әуежайынан шығатын және кері бағыттағы рейстерді ұсынады: ұшақтар елдің немесе көршілес штаттардың үстінен өтіп, әуежайға қонбай кері қайтады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная