Тайванның шығысындағы алты жұлдызды қонақүй жыл соңына дейін ашылуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Breakingtravelnews.com сайтына сілтеме жасап.
Хуалян қонақүйінің құрылысы 2017 жылы басталып, 2018 жылдың соңында аяқталуы керек болатын. Үш рет әртүрлі себеппен, соның ішінде COVID-19 салдарынан кешіктірілді.
Қонақүй "Донгдамэн" туристік түнгі базарынан 600 метр қашықтықта және үлкен саябақтардан жаяу қашықтықта орналасқан. 260 бөлмеден басқа ғимарат сауда орталығы, бизнес орталығы, фитнес орталығы, ашық бассейн, жабық ыстық бассейн, спа, ойын-сауық орындары, мейрамханалар, үйлену тойы және банкет залдары, үлкен автотұрақпен жабдықталған.
Қазір қонақүй әртүрлі жұмыс орындарына, соның ішінде қабылдау операторларына, қонақтарға қызмет көрсету агенттеріне, қызметшілерге, аспаздарға, фитнес жаттықтырушыларына, құтқарушыларға, қауіпсіздік қызметкерлеріне және кейбір басшылық лауазымдарға маман іздейді.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!