Таиландта шетелдіктерге карантинді гольф-курорттарында өткізуге рұқсат беруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап.
Таиландтың туризм министрі Пипхат Ратчакитпракарнның айтуынша, бұл коронавирус пандемиясы кезінде туристік секторды ынталандыру мақсатында істелген әрекет екен.
"Денсаулық сақтау министрлігімен және елдің коронавирусқа байланысты құрылған тобымен туристердің медициналық анықтамасы болған жағдайда карантинді қонақүйлер мен гольф-клубтарда өткізуін талқылап жатырмыз", - деді министр.
"Элиталық түрме". Туристер Таиландтағы карантин туралы видеоны сынға алды
Оның айтуынша, шетелдік туристер екіапталық карантин уақытын нақты бір курортта өткізе алады және қонақүй аумағында емін-еркін жүріп тұруына, гольф ойнауына әбден болады.
Осыған дейін Таиландтағы барлық туристік нысандар қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істейтіні хабарланған еді. Алайда, жаппай халықаралық туризм 2021 жылдың сәуір айының ортасында ғана қайта жандануы мүмкін.
Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.