Үндістанның Химачал-Прадеш штатындағы тас көшкінінен тоғыз турист қайтыс болды. BBC News куәгерлердің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Кадрларға қарағанда, таудан өрмелеп түскен тастар шаңмен бұрқатылып өзенге және тасжолға құлады. Сондай-ақ сол маңда тұрған көліктерді қиратты. Тіпті көпірді екіге бөлді.
Көшкін салдарынан тоғыз турист қаза тапты, тағы үш адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Саяхатшылар Делиден Үндістандағы ең таза ауасымен әйгілі Читкул ауылына барған.
Штат министрі қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты. Апаттың себептері анықталып жатыр. Болжам бойынша, бұл елдегі маусымнан қыркүйекке дейін созылатын жаңбырлы мезгілге байланысты болуы мүмкін.