Тау теке туристі сүзіп жардан құлатқан

© pixabay.com/ronbd

Испанияның оңтүстігіндегі Гранаданың Альпухарра тауына шыққан голандиялық турсит әйелге ибериялық тау теке тап берген. Теке сүзген әйел 20 метр биіктен құлап, ауыр жарақат алған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Испанияның оңтүстігіндегі Гранаданың Альпухарра тауына шыққан голандиялық турсит әйелге ибериялық тау теке тап берген. Теке сүзген әйел 20 метр биіктен құлап, ауыр жарақат алған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

64 жастағы әйел мен бельгиялық екі азаматқа тау теке тап берген. Жануар үш адамның ішінен әйел адамды бірінші көздепті. Жардан құлаған саяхатшы екі қолын да сындырып алыпты. Артынша жабайы аң өзге туристерге де атылып, олардың бірі есінен танып қалған.

Реклама
Реклама

Біраз уақыттан кейін сол маңда болған бақташы бельгиялықтарды тауып алған екен. Ол бірден құтқарушыларды шақырған. Одан кейін әйел адамды іздеу басталып, ауа райының бұзылуынан ол бірден тоқтап қалады. Біраз уақыттан кейін зардап шеккен әйелді де тауып алады. Құтқарушылар оны құз шоққысынан әзер алып шығады, дегенмен ауа райына байланысты тікұшақпен ауруханаға бірден жеткізе алмайды. Осылайша, ол түнді жақын маңда бос қалған фермерлік үйде өткізеді. Ертесінде оны ауруханаға жеткізеді де, суық өткен және екі қолы білектен сынған әйелге қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

Сарапшылардың сөзінше, жылдың бұл уақытында тау ешкілері күйлейтін кез екен. Сондықтан текелері өте агрессив болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная