Тау-шаңғы трассасынан құлаған турист комаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Ұлыбританиялық турист Болгарияда шаңғы теуіп жүріп, тау-шаңғы трассасынан құлап кетті. Салдарынан майып болып, жасанды комада жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялық турист Болгарияда шаңғы теуіп жүріп, тау-шаңғы трассасынан құлап кетті. Салдарынан майып болып, жасанды комада жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Оқыс оқиғаға тап болған 23 жастағы Оливия Корбьерді достары құтқарып қалған. Оның омыртқасы, жамбасы мен мұрны сынып, бас сүйегі жарақаттанған. Бойжеткенге төрт сағаттық операция жасалды. Содан кейін ол комаға түсіп қалды. Оливияның анасы Линци қызына көмек көрсету үшін Болгарияға Ұлыбританияның Астон қаласынан келді.

"Дәрігерлер мұндай бас жарақатын ешқашан көрмегенін айтты", - деді Линци.

Дәрігерлер қан кетуді тоқтату үшін Оливияның бас сүйегінің бір бөлігін алып тастауға мәжбүр болды. Енді жәбірленушінің туыстары оны емдеуге қаражат жинап жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная