Татарстанда парашютшілер отырған L-410 ұшағы апатқа ұшырады

© Егор Алеев/ТАСС

Татарстанда L-410 ұшағы апат жағдайында шұғыл қонды. Оның бортында парашютшілер болған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Татарстанда L-410 ұшағы апат жағдайында шұғыл қонды. Оның бортында парашютшілер болған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

ТЖМ өңірлік басқармасы бұл ақпаратты растады.

Бортта 23 адам отырған, олардың көбі парашютшілер болған.  Құтқарушылар ұшақтан зардап шеккен жеті адамды шығарды. Біреуінің жағдайы ауыр. Алдын ала деректер бойынша, 16 адам қаза тапқан.

Реклама
Реклама

БАҚ мәліметінше, төтенше жағдай техниканың істен шығуы салдарынан болған.

L410 - аймақтық желілерге арналған екі қозғалтқышы бар ұшақ. Әуе аппаратын 1960 жылдардың соңында чехословакиялық Let компаниясы құрастырған. Ұшақ коммерциялық мақсатта 1973 жылдан бастап пайдаланылып келеді.

Қыркүйекте дәл осындай ұшақ Иркутск облысына апат жағдайында қонды. Борттағы 16 адамның төртеуі қаза тауып, 12 адам жарақат алды.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная