HY721 Ташкент – Астана рейсін орындаған ұшағы ұшып шыққан әуежайына оралды. Өзбекстан әуе жолдары мұның себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Жүк бөлігінің есігіндегі жалған дабылға байланысты экипаж одан әрі көтерілмей, процедураларға сәйкес ұшып шыққан әуежайына қайту туралы шешім қабылдады", - делінген ресми түсініктемеде.
Әуе компаниясының мамандары ұшақты ұшуға дайындау үшін барлық қажетті жұмыстарды жүргізген және "жуық арада рейсті орындайды" деп хабарлады компания.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!