Танзания солтүстігінде нөсер жауын әсерінен су тасқыны мен көшкін жүрді. Соның салдарынан 63 адам қаза тапты және жүздеген адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Report.az порталына сілтеме жасап.
БАҚ мәліметінше, Танзания солтүстігінде 2 желтоқсаннан бастап жаңбыр жауып жатыр. Басылым мәліметінше, 116 адам зардап шеккен.
"Біз 63 адамымыздан айырылдық, оның 23-і ер және 40 әйел", - деп жазды елдің Үкімет басшысы Касим Маджалива.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!