Танымал саябақ туристерге "18+ аймаққа" баруды ұсынды

Ұлыбританиялық Сноудония ұлттық саябағында туристерге қателесіп "жыныстық аймаққа" бару ұсынылды. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Қорықтың Facebook-тегі парақшасында саяхатшылар арасында танымал Огвен алқабының сипаттамасы қате жазылған жазба пайда болды. Парк қызметкерлерінің айтуынша, қате жазу валлий тілінен ағылшын тіліне тікелей аударманың қателігіне байланысты болған.

Реклама
Реклама

"Сізді мүмкіндігінше тезірек Огвен аңғарына ұмытылмас сапар жасауға шақырамыз!"- посттағы ақпарат осылай жазылуы керек еді.

Қате аудараманы оқыған Желі пайдаланушылары бірден әзілдеді.

"Мен жақын арада осында келгім келмеді, бірақ мұндай тартымды ұсыныстан бас тарту қиын болады", "мінез-құлық ережелерін түсіндіргеніңіз үшін рақмет", - деп мысқылдады қолданушылар.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!