Танымал курортта қымбат қонақүй тоналды: 348 бөлмеден 9 млрд теңге ұрланды

Таиланд полициясы Самуи курорттық аралындағы қонақүйді тонады деп күдіктенген алты адамды қамауға алды. Ұрылар шамдар мен электр сымдарын да дейін алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 9 миллиард теңгеге бағаланды. Тәртіп сақшылары оқиғаның қалған қатысушыларын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tourprom cайты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таиланд полициясы Самуи курорттық аралындағы қонақүйді тонады деп күдіктенген алты адамды қамауға алды. Ұрылар шамдар мен электр сымдарын да дейін алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 9 миллиард теңгеге бағаланды. Тәртіп сақшылары оқиғаның қалған қатысушыларын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tourprom cайты.

The Thaiger мәліметінше, Chaweng Blue Lagoon қонақүйі енді әлдеқайда арзан болады, өйткені ұрылар 348 нөмірден 9 миллиард теңгенің затын қолды етті. Олар электр сымдары, шамдар, розеткалар, үстелдер, орындықтар, кереуеттер, унитаз, су жылытқыштар, душ, перделер, төсек-орын, шыны терезелер, ағаш есіктер, кондиционерлер, су сорғылары, лифт, баспалдақ және тіпті шатыр құрылымдарын ұрлаған.

Реклама
Реклама

Қонақүйдің иесі Йомман Пунсават пандемияға байланысты қонақүй ашылмай, жабық тұрғанын айтты. Ол қонақүйді туристерді қабылдауға дайын қылып кеткен, содан кейін келмеген. Кәсіпкер оны енді ашуды жоспарлаған.

Полицейлер бақылау камераларынан қарап, алты күдіктіні ұстады. Осы іске қатысы бар басқа азаматтарды іздеп жатыр.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная