02 желтоқсан 2023 09:27

Танымал курортта акула туристі тартып кетті

© pixabay.com/darksouls1

Багам аралдарының жағажайында дайвингпен айналысқан неміс әйелді акула су астына тартып кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі TourProm басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Багам аралдарының жағажайында дайвингпен айналысқан неміс әйелді акула су астына тартып кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі TourProm басылымына сілтеме жасап.

"Кельн Штадт Аншлагер" басылымының мәліметінше, жантүршігерлік оқиға сәрсенбіде жергілікті уақыт бойынша шамамен 10:30-да Гранд Багам аралының батыс бөлігіндегі Тайгер-Бичтің Вест-Энд жағажайында болған.

Реклама
Реклама

47 жастағы әйел дайвингпен айналысқан. Бұл аймақта негізі дайверлер көп жүзеді. Алайда суға түскеннен кейін топтағы басқа туристер әйелді акула тартып кеткенін аңғарған. Басында ол судың бетіне шыққан, сосын лезде су астына кеткен. Содан бері әйелді көргендер болмады.

Жағалау күзеті мен полиция әйелді іздестіріп жатыр, алайда тек оның жұлмаланған киімі табылған. Бірнеше күн өтуіне байланысты, оның денесін табу қиынға соққан.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram