Жаңа Зеландияда Уакатипу көлінің түсі күрт өзгеріп, жергілікті тұрғындар мен туристерді қорқытты. Бұл туралы NZME жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
14 тамызда Оклендтен келген саяхатшы Джорджия Роуз туристер арасында танымал болған Уакатипу көлінің түсі ашық жасылға өзгере бастағанын байқады. Қыз басылымға улы сұйықтықтың қайдан шыққанын білуге тырысқанын және Квинстаун ботаникалық бағына жақын жерде су төгетін құбырдан ағып жатқан қалалық кәріздің ағынын тапқанын айтты.
Ерекше көрініс көл жағасына жиналған демалушылардың назарын аударды.
Қазір қалалық округтік кеңес Квинстаунның ең көрнекті көлдерінің бірінің түсін неге өзгерткенін анықтап жатыр. Зерттеу жүргізу үшін Уакатипудан су сынамалары алынды.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!