Танымал жағажайлы елде акула қыздың қолын шайнап тастады

Бразилия жағалауларының бірінде шомылу кезінде акула қыз баланың қолын шайнап тастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Latestly басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 6 наурызда Бразилияның шығыс жағалауындағы Пенамбуку штатының Пьедаде жағажайында болған. Сцда шомылып жүрген қызға акула шабуыл жасаған. Осы оқиғаның куәгерлері қызға көмектесіп, жағаға шығарған. Ол көп қан жоғалтып, есінен танып қала жаздаған.

Есін жиған қыз не жағдай болғанын түсінгенде "ауырсынудан айғайлап, байбалам салған". Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері жетіп, тікұшақпен ауруханаға жеткізген.

Негізінде бұл аймақта акулалардың адамға жиі шабуылдайтынына байланысты, жұртшылыққа шомылуға тыйым салынған. Алайда соған қарамастан кей адамдар тәуекелге барып жатады екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!