Ер адам Гоаның туристер арасында танымал жағажайларының біріне көлікпен кіріп кетіп, "темір тұлпарын" суға батырды, - деп хабарлайды The Times of India.
Гурав Бишвад есімді 25 жастағы жергілікті турист Морджим жағажайына өтіп кетіп, көлігін суға батырды. Оның көлігінің дөңгелегі жұмсақ құмға отырып қалған. Ол өздігінен артқа шыға алмаған, сөйтіп оның көлігі бірте-бірте сға кете берген.
Осы оқиғадан кейін Пернем өңірінің полициясы келіп, ер адамды қамауға қалған. Оған көлікті ережеге сай жүргізбеді деген айып тағылған, сондай-ақ ол жағажайда демалушылардың өміріне қауіп төндірген. Басылым мәліметінше, ер адам көлікті жалға алған.