Тунистің туристік аймақтағы арнайы қызметі террорлық әрекеттің алдын алды. Бұл туралы РИА Новости елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Департамент өкілдері Сириядан оралған Тунистің 22 жастағы азаматы танымал жағажай курортындағы террористік актіні жасауды жоспарлағанын айтты.
Қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, қыз сол жерде әскери дайындықтан өткен.
"Осыған байланысты Ұлттық ұланның антитеррористік басқармасы қылмыстық іс қозғап, террор жасағысы келген адамды (Тунис азаматын - Lenta.ru) Тунис-Карфаген әуежайында 10 қаңтарда қамауға алды", - деп нақтылады Ішкі істер министрлігіндегілер.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!