Балидегі шенеуніктер қарастырған жаңа заңға сәйкес, демалыс кезінде қонақүйдің бір бөлмесінде тұратын үйленбеген әйел мен ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Тourprom.ru мәліметінше, шілдеде берілген түзетулер некеден тыс қарым-қатынас үшін бір жылға және некеден тыс бірге тұрғаны үшін алты айға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны бекітеді. Үйленбеген туристер "курорттық роман" үшін бір жылға дейін түрмеге түсе алады.
Индонезия жұмыс берушілер қауымдастығының (Apindo) төрағасы Харияди Сукамданидің айтуынша, бұл жағдай елдің туристік индустриясына нұқсан келуі мүмкін. Демалыс кезінде қонақүйдің бір бөлмесінде тұратын "үйленбеген жұпты қылмыстық жауапкершілікке тарту" қаупі туристерді, әсіресе шетелдік қонақтарды қорқытатыны сөзсіз.
"Бұл қызмет жеке жағдайға жатады және оны заңмен реттеуге немесе қылмыс деп санауға болмайды", - деп атап өтті ол.
Заңның жақтаушылары мұндай қылмыс туралы тек жақын адамдар "хабарлай" алатынын, егер бір нөмірде тұратын адамдардың ата-анасы, баласы немесе жұбайлары құқық қорғау органдарына ресми шағым түсірсе ғана шаралар қабылданатынын түсіндіреді. Үшінші тұлғалардың шағымдары қабылданбайды.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!