Танымал аралда аптасына 1,1 мың жер сілкінісі болды

Азор, Португалия. Фото: pixabay.com

Португалия билігі шетелдік туристерді Азор аралдар тобының құрамына кіретін Сан-Хорхе курорттық аралына барудан бас тартуға шақырды. Сапар олар үшін қауіпті болуы мүмкін. Бір аптада арал 1100 рет шайқалды. Бұл туралы португалиялық БАҚ жазды, - деп хабарлайды Тourprom.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Португалия билігі шетелдік туристерді Азор аралдар тобының құрамына кіретін Сан-Хорхе курорттық аралына барудан бас тартуға шақырды. Сапар олар үшін қауіпті болуы мүмкін. Бір аптада арал 1100 рет шайқалды. Бұл туралы португалиялық БАҚ жазды, - деп хабарлайды Тourprom.

Туроператорлар Атлант мұхитының солтүстігінде орналасқан аралға турларды сатуды уақытша тоқтатты.

Реклама
Реклама

Бұл аймақтың билігі тұрақты сейсмикалық белсенділікті тіркеп келеді. Әлі айтарлықтай апаттар анықталмаса да, азаматтарды күтпеген салдарға дайын болуға шақырады. Өйткені Аралдың тарихында жер сілкінісімен байланысты қайғылы оқиғалар болған.

Сонымен бірге, жергілікті билік тұрғындарды, әсіресе ауруханада жатқан немесе қозғалуы қиын адамдарды эвакуациялауды жоспарлап отыр. Мұндай алдын алу шаралары азаматтардың өмірін қорғау мақсатында қабылданатын болады.

Сан-Хорхедегі қазіргі жағдайға байланысты туристерге жалпы ұсыныс шығарылды: "Азордағы Португалдық Азаматтық қорғаныс органдары 19 наурыздан бастап Сан-Хорхе аралында сейсмикалық белсенділіктің артуын бақылап келеді. Сақтық шарасы ретінде олар жер сілкінісінің алдын алу жоспарын іске қосты және аралға қажет сапарлардан басқа сапарға шықпауға кеңес берді".

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная