Стивен және Робби Амелл Стивен және Робби Амелл

Танымал актер әйелімен жанжалдан кейін рейстен шығарылды


"Star" супер қаһарман телехикаясының актері Стивен Амелл әйелімен болған жанжалдан кейін рейстен шығарылды. Бұл туралы TMZ жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға Техас штатының Остин қаласында болған. Танымал актер Лос-Анджелеске ұшуы керек болған, бірақ ұшақта ер адам әйелімен ұрысып, борт қызметкерлері оны салоннан шығарып жіберген. Куәгерлердің айтуынша, актер мас күйде болған және жұбайының жанжалды шешуге тырысқанына қарамастан, дауыс көтерген.

Кейінірек Амелл жағдайға түсініктеме беріп, келесі рейске билет алып, екі сағаттан кейін Лос-Анджелеске кедергісіз ұшып кеткен. Сондай-ақ ол қолайсыздық тудырғаны үшін кешірім сұраған.

Сти́вен А́дам А́мелл  1981 жылы  8 мамырда Канаданың Торонто қаласында дүниеге келген. Ол Оливер Куиннің "Стрела" телесериалы және Кейси Джонстың "Тасбақа-ниндзя 2" фильмдері арқылы танымал болды. Ол 2012 жылы 25 желтоқсанда Кассандра Джин есімді әртіс әрі модельге үйленген. Бүгінде олардың Мэйврик "Мэйви" Александра Джин Амелл есімді қыздары бар. 

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды