"Таңғы сергектік елі". Қандай елдердің поэтикалық атауын білесіз?

Кейбір елдің ресми атауынан бөлек, бейресми, поэтикалық атаулары да бар екені көпшілікке мәлім. Олардың шығу тегі әртүрлі және сол елдің ерекшелігін айқын көрсетеді. Толығырақ Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі материалынан оқи аласыз.

Жапония - Күншығыс елі

Әсіресе Азия елдерінің поэтикалық атаулары жиі кездеседі. Осылайша, Жапония Күншығыс елі ретінде белгілі. Жапондықтар өз елдерін "Ниппон" немесе "Нихон" деп атайды, бұл "Күн елі" деп аударылады. Сонымен, "Күншығыс елі" елдің төл атауының дәл аудармасы болып табылады.

Бұл поэтикалық атауды қытайлықтар ойлап тапты десе болады: олар Сун әулетінің Жапония императорымен хат алмасуында Жапонияны Күн елі деп атады. Бұған Жапонияның Қытайдың шығысында, яғни күншығыс жағында орналасуы себеп болды.

Корея – Таңғы сергектік елі

"Таңғы сергектік елі" поэтикалық атауы ежелгі Кореяны билеген әулеттің атымен байланысты - Кочосон (Ежелгі Чосон). Бұл атау қытай жазбаларында біздің дәуірімізге дейінгі I мыңжылдықтың ортасынан бастап қолданылған. - ол екі иероглифтен тұрды (қазіргі Қытайда олар шамамен "чаосянь" деп айтылады). Біріншісі "таң", екіншісі "сергектік" дегенді білдіреді.

Ал бүгінгі күні ғалымдар "Чосон" сөзі бастапқыда мұндай мағына бермеген деп санайды - бұл сол кездегі ел атауының фонетикалық көрінісі ғана болды. Сонымен қатар, одан бері қытай иероглифтерінің айтылуы да өзгерді, сондықтан ел атауының бастапқыда нақты қандай болғанын айту қиын.

Қытай – Аспан асты елі

Қытайды "Аспан асты елі" деп атайтынын жиі естиміз. Бұл атау алғаш рет Қытайда біздің дәуірімізге дейін пайда болған және бастапқыда бүкіл әлем дегенді білдірген. Содан кейін Аспан асты елі деп конфуцийлік идеологияда аспанның жердегі өкілі болған Қытай императорының билігі тараған аумақ аталды.

Қазір Қытайда бүкіл әлемді Аспан асты елдері деп түсінсе, Қазақстанда бұл атаумен Қытайды атайды.

Англия – Тұманды Альбион

Англия Тұманды Альбион деп атайды. Альбион - латын тілінен аударғанда "ақ таулар" дегенді білдіретін Британ аралдарының ең көне атауы. Ежелгі римдіктер Англия жағалаулары бор жыныстарынан құралғандықтан өздері ашқан аралдарды осылай атаған.

"Тұманды" эпитеті Ұлыбритания аралдарында жиі қалың тұман түсетіндігіне байланысты қолданылған.

Ирландия - Зүбаржат аралы

Ирландия жұмсақ климатының арқасында жыл он екі ай жасыл желекке бөленіп жатады. Сондықтан бұл елді Зүбаржат аралы деп атайды. Сонымен қатар, жасыл түс - Ирландияның ұлттық түсі, ең әйгілі ұлттық мереке - Әулие Патрик күнімен тығыз байланысты.

Финляндия - мың көлдер елі

Финляндияда көп көл жүйесін құрайтын шамамен 190 000 көл бар. Фин табиғатында көлдер ерекше рөл атқарады. Сондықтан бұл елдің "Мың көл елі" деген поэтикалық атқа ие болуы ғажап емес.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.