Таңғажайып жағдайда әуеапатынан аман алған жігіт видео жариялады

видеодан үзінді

Аустралияда жеңілмоторлы ұшақ апатынан аман қалған ұшқыш-курсант әуеапатының салдарын видеода көрсетті. Оқиғаның мән-жайын Daily Mail басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Аустралияда жеңілмоторлы ұшақ апатынан аман қалған ұшқыш-курсант әуеапатының салдарын видеода көрсетті. Оқиғаның мән-жайын Daily Mail басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

27 жастағы Джейк Элвен инструктормен бірге Сиднейдің оңтүстік-батысында жаттығу аясында екінші мәрте ұшқан. Ұшу кезінде лайнердің қозғалтқышы істен шыққан - әуе кемесі биіктік жоғалтып, ағашқа соқтығысқан. Соқтығысу салдарынан ер адам біршама уақытқа естен танып қалған, алайда өз күшімен ұшақтан шығып, видео түсірген.

Реклама
Реклама

"Менің аман қалуым таңғажайып жағдай. Мен өмірімде екінші рет ұштым, еш зардап шеккен жоқпын десем де болады", - деп әзілдейді Элвен.

Видеода ер адам ұшақтың шашылған бөлшектерін және денесіндегі жарақаттарын көрсетеді. Инструкторды оқиға орнынан әйелі алып кеткен, ал Джейк ауруханаға жалғыз өзі бір жарым сағатта жеткен. Ер адамның айтуынша, ауруханадағылар оның әуе апатынан тірі қалғанына сене қоймаған. Оны тіпті психиатрға жібермек болған.

Соған қарамастан жігіт медициналық көмек алған, оның аяғы сынған екен. Элвен денсаулығы жақсарғаннан кейін, ұшу-жаттығуларын қайта жалғастыратынын айтады. Сондай-ақ ол жеке ұшақ сатып алуды көздейді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная