"Тамаша шешім!". Қазақ киіз үйлері Нью-Йорк рестораторларын шабыттандырды

Нью-Йорктің шулы көшелерінде киіз үйлер пайда болды. Жоқ, бұл АҚШ-та көшпенді халықтың қоныс аударуы емес, бұл жергілікті мейрамхана иелерінің қонақтардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қауіпін төмендету мақсатында істеген амалы, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Бруклинде "Лили" мейрамханасының сырттағы аумағында "киіз үй ауылы" пайда болды. Мұнда тұрғындар (төрт-бес адамнан топтасып) Италия асханасынан ауыз тие алады және ештеңеге алаңдамауына болады: әлеуметтік қашықтық мұнда алдын ала ойластырылған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Lilia Ristorante (@lilianewyork)

Рестораторлардың осындай ерекше шешімі көптеген келушілерді тартты және мұнда тамақтану үшін алдын ала тапсырыс беру үшін кезекке тұруға келеді. Сол себепті басқа да мейрамханалар осы тәсілді қолданып жатыр. Мысалы, Манхэттенде орналасқан FAIRFAX мейрамханасы Нью-Йорктің қақ ортасындағы киіз үйде фирмалық ұлулардың жеуге болатын бір түрін (устрица) ұсынады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Fairfax (@fairfaxnyc)

Ауа райы суық болғанына қарамастан кішігірім киіз үйлерде отырып, тамақтану еш қиындық туғызбайды. Киіз үйлер ішінен жылытылады, ал сырты сары шамдармен әрленген, осының өзі мерекелік атмосфера қалыптастырады. Осылайша Crown Shy мейрамханасы қонақтарды шақыру үшін осындай әдіске барған. Карантин кезінде көптеген тамақтану орталықтары жабылған уақытты, бұл киіз үйлер тиімді шешім болған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Crown Shy (@crownshynyc)

Қазақстандықтарға қарағанда, зәулім үйлер тұрғындары мұндай кішігірім киіз үйлерге үйренбеген. Олар үшін бұл экзотикалық дүние болды, сол себепті онда болған әрбір қонақ әлеуметтік желіде таңданысын жасырмай, жазып жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Lilia Ristorante (@lilianewyork)

Киіз үйде отыруға тапсырыс беру үшін бір ай бұрын жазылу керек. Келушілер бұдан еш қиындық көрмегені анық, өйткені барғысы келетіндер жетіп артылатын көрінеді. Қазақстанда киіз үйде отырып, қазы жеп, қымыз ішсе, Нью-Йоркте адамдар шарап ішіп, теңіз ирекшелерінен ауыз тиюде. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Andrés Cabán Jr. (@acabanjr)

Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.