Ізгілікті насихаттау және күнәнің алдын алу министрінің міндетін атқарушы Мухаммад Халед Ханафи әйелдерге белгілі туристік орын - Банд-э-Амир ұлттық саябағына баруға тыйым салу керегін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі TOLOnews басылымына сілтеме жасап.
Ханафидің сөзінше, әйелдер саябақта хиджапты киу тәртібін бұзған және кейде тіпті оны кимеген. Көбіне бұл ережені ұстанғысы келмейтін өзге провинциядан келушілер екенін атап өтті.
"Біздің әйелдеріміз бен қарындастарымыз оларға ереже орнатпайынша Банд-э-Амир саябағына келе алмайды. Ақсақалдар мен пейілдер полициясы шара қолдану қажет. Туризм - бұл өмірге ең қажеттісі емес", - дейді ол.
Банд-э-Амир - елдегі ең басты туристік орындардың бірі. Ол Ауғанстан орталығындағы Гиндукуш тауларында орналасқан және елдегі ең бірінші ұлттық саябақтардың бірі. 2009 жылы ашылған саябақ отбасылық демалыстың ең әйгілі орны.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!