Тәжікстанда қар көшкінінен үш адам қаза тапты

Тәжікстанда қар көшкінінен үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі life.ru сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Тәжікстанның солтүстігіндегі Соғды облысына апаратын Душанбе - Чанақ тасжолында қар көшкіні жүріп, үш адам қаза тапқан.

Musso көлігін тасжолдың 157-шақырымында қар көшкіні басып қалған. Үш адам оқиға орнында көз жұмды, бір жолаушы Шахристан облысындағы ауруханаға жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!